Criminals
Футбол

Колумбиялық шабуылшы әлем чемпионатының алдында абақтыға қамалады ма?

Колумбиялық шабуылшы әлем чемпионатының алдында абақтыға қамалады ма?
news-banner7
mobile-news-top

Колумбия құрамасы мен «Монако» клубының шабуылшысы Радамель Фалькао салық төлемегені үшін сотталмақ. Бұл жайлы Marca хабарлады.

Испания соты танымал футболшыны 16 айға бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарды. Сонымен қатар, сұрмерген 9 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс.

Айта кетейік, Фалькао 2012 жылы 822 мың еуроға, ал 2013 жылы 4,8 миллион еуроға қаржылық қулықтар жасап, табысын жасырған.

Испания заңына сәйкес, жаза өтеу мерзімі екі жылдан аспаса айыппұлмен құтылуға да болады. Сол себепті футболшы 96 мың еуро Испания қазынасына төлемек.

32 жастағы Фалькао Колумбия құрамасына шақырту алды. Мундиаль Ресейде маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер