Басқа

Нұрлан Домбаев паратаэквондодан Азия чемпионатында чемпион атанды

Нұрлан Домбаев  паратаэквондодан  Азия чемпионатында чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top
Атыраулық Нұрлан Домбаев Вьетнам елінің Хошимин қаласында өткен паратаэквондодан ашық Азия чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СПОРТИНФОРМ порталына сілтеме жасай отырып.
75 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы алдымен жапониялық Тонака Митсуяны жеңген. Финалда украиналық әлем және Еуропа чемпионы Антон Шветцті нокаудпен тізе бүктірді.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Нұрлан әлем чемпионы атанған болатын. Онда да ақтық сында осы украиналық спортшыны ұпай санымен ұтқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер