Әлем футболы

Роналдо: Салах Мессиге ұқсайды

Роналдо: Салах Мессиге ұқсайды
news-banner7
mobile-news-top

Даңқты бразилиялық шабуылшы Роналдо «Ливерпуль» мен Мысыр құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz шетелдік БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

«Маған Салах ұнайды. Ол керемет ойыншы. Мессиге ұқсайды. Жақында мен Салахтың менің жанкүйерім болғандығын оқып қуанып қалдым», -деді Роналдо.

Сондай-ақ Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы алдағы Чемпиондар лигасының финалына болжамын да айтты.

«Егер «Реал» жеңіске жетсе клуб тарихындағы ерекше жағдай болмақ. Маусым бойында бірнеше қиындыққа тап болғанына қарамастан мадридтік команда финалға шыға алды. Менің болжамым - 3:2 есебімен испандықтар жеңіске жетеді», -деп қосып өтті Роналдо.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының финалы 26-шы мамыр күні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Финалда «Реал» мен «Ливерпуль» кездеседі.

Роналдо Еуропада «Реал», «Барселона», «Интер», «Милан» сынды клубтарда ойнағанымен Чемпиондар лигасында бірде-бір рет жеңіске жетпеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер