ММА

Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына енді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына кірді, деп жазады 24.kz.

Fight Nights Global тұжырымының рейтингісінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте де бір сатыға жоғарылап, әлемнің ең үздік 25 спортшысы қатарына кірді. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың салмағында ең үздік сатыда UFC чемпионы Деметриус Джонсон тұрса, екінші орында Хенри Сехудо тұр.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 86 турнирінде өткізіп, америкалық спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер