Әлем футболы

«Лион» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасының ақтық сыны өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Финалда германиялық «Вольфсбург» пен франциялық «Лион» кездесті.

Ойынның негізгі уақытында қарсыластар гол соға алмады. Ал ойынға қосылған қосымша уақытта (овертайм) гол қарша жауды. Алдымен 93-ші минутта немістер алға шыққан еді. Алайда, араға бес минут салып атқа қонған француздар бес минуттың ішінде үш гол соғып, матч тағдырын шешіп тастады.

Чемпиондар лигасы. Финал
«Вольфсбург» - «Лион» 1:4 (0:0)

Гол соққандар: Хардер 93 - Анри 98, Ле Сомме 99, Хегерберг 103, Abily 116

Естеріңізде болса, қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында дәл бүгінгі чемпион «Лион» командасынан ұтылып, жарыстан шығып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер