Бокс

«Канелоның» промоутері Головкинмен реванш өтпеуі мүмкін екенін айтты

«Канелоның» промоутері Головкинмен реванш өтпеуі мүмкін екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін ұйымдастыру өздерінің басты мақсаты екенін, алайда GGG келісімшартқа қол қойғысы келмесе, қол қусырып қарап отырмайтынын ескертті.

- Әрине, Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегін бәріміз көргіміз келеді. Алайда егер олар келісімшартқа қол қоймаса, мен Дэниэл Джейкобспен немесе Билли Джо Сондерспен келіссөз жүргіземін. Дегенмен GGG-ге басымдық беріледі. «Канело» қыркүйекте жұдырықтасады, - деді Де ла Хойя Villainfy Media-ға берген сұқбатында.

Головкин — Альварес реваншы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер