Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогы: Лақтыру сайысында фавориттер жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде найза, диск лақтыру сайыстарында ешқандай сенсация тіркелген жоқ. Фавориттер аса қиналмай жеңіске жетті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Бірақ кубокта жоғары нәтижелер тіркелмеді. Тіпті, диск лақтырудан ұлттық құрама көшбасшысы Мария Телушкина да өзінің толық мүмкіндігін көрсеткен жоқ. Бәлкім, бәсекелестіктің төмен болғанынан шығар.

Мария соған қарамастан екінші орындағы қарсыласынан 15 метрге озып кетті.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы, 1-кезең. Диск лақтыру.

Әйелдер:

1. Мария Телушкина (Алматы) – 51.58 м;

2. Надежда Лачугина (Алматы) – 36.17 м.

Бұл жағдай ерлер арасындағы бәсекеде де қайталанды. Секторға екі спортшы шықты. Алматылық Александр Мамонтов чемпион атанса, Рудольф Валенвейн екінші орын алды.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы, 1-кезең. Диск лақтыру.

Ерлер:

1. Александр Мамонтов (Алматы) – 52.49 м;

2. Рудольф Валенвейн (Қарағанды облысы) – 36.32 м.

Ал найза лақтыру сайысында қатысушылар саны көптеу болды. Әйелдер арасындағы бәсекеде 4 спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында жақында жарақатынан емделіп шыққан Әсия Рабаева да бар. Алматылық атлет Маңғыстаудан келген Надежда Кирноспен бірінші орынға таласқа түсті. Сәл ғана басымдықпен Рабаева жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы сайысқа тек Евгений Сясков келіпті. Дәл сондай жағдай балға лақтырудан әйелдер арасында да қайталанды. Алматылық Эвелина Клименко 39.04 метрге лақтырып, ешқандай бәсекелессіз кезең жеңімпазы атанды. Ерлерден балға лақтырудан ешкім болған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер