Қазақстан әйелдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде Босния және Герцеговина құрамасымен өтетін ойынға дайындық шеңберінде Қазақстан әйелдер құрамасы 4-9 маусым аралығында Талғардағы құрама командалардың жаттығу базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

10 маусым күні команда Боснияға жол тартады. Ойын 12 маусым күнге жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт», Шымкент), Ирина Сандалова («Оқжетпес», Көкшетау);

Қорғаушылар: Әсем Жақсымбай (ОДЮСШ №2, Ақтөбе), Юлия Мясникова, Екатерина Бабшук Мария Демидова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт», Шымкент), Құндыз Қожахмет (ОДЮСШ №2, Ақтөбе), Бибігүл Нұрышева, Шохиста Ходжашева (екеуі де - «Оқжетпес», Көкшетау);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева («Алатау», Алматы), Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Мадина Жанатаева, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова, Карина Жұмабайқызы, Камила Құлмағамбетова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт», Шымкент), Әсел Тұрлыбекова (СДЮШОР №7, Шымкент);

Шабуылшылар: Арайлым Орынбасарова (РИКШОР, Астана), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт», Шымкент), Анастасия Власова («Алатау», Алматы).

Жаттықтырушылар штабы: Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Владимир Ляпкин – бас бапкердің көмекшісі, Абдолла Меркулов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева – дәрігер, Айман Бейсенова – массажист. Анастасия Журавлева – менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов – администратор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер