Марин Томасов: Осы кездесуде жіберген қателіктерден сабақ шығаруымыз керек

news-banner7
mobile-news-top

«Ақжайық» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елордалық команда жартылай қорғаушысы Марин Томасов клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Біз бұл жаққа жеңіс үшін келдік. Басты мақсатымыз 3 ұпайға қол жеткізу болатын. Өкінішке орай, жеңіліп қалдық. Жалпы «Ақжайық» командасы осы маусымда өз алаңында жеңілген жоқ. Оған қоса ауа райының қатты ыстық болуы да ойынға кері әсерін тигізді. Ойын басталған сәтте олар өздерінде болған алғашқы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, жылдам гол соғып кетті. Біз одан кейін жағдайды өз пайдамызға өзгертуге тырыстық. Алайда, ол қолымыздан келмеді. Ойынның соңғы минуттарында барлығымыз шабуылға араласамыз деп, қарсылас команда ойыншылары осы бір сәтті жақсы пайдаланып, жылдам екі нәтижелі қарымта шабуыл ұйымдастырып кетті. Біз қазір осы кездесуде жіберген қателіктерден сабақ шығарып, алдағы ойынға дайындалуымыз қажет. Келесі кездесуден бастап, жеңісті жолымызды жалғастыруға тиіспіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер