Кирилл Шестаков: Осыған дейін психологиялық қысым болды

news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы Кирилл Шестаков «Мақтаарал» командасына қарсы ойыннан кейін сұхбат берді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Еске сала кетейік, павлодарлықтар 0:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

- Бұл жерге жеңіс үшін келіп, дегенімізге жеттік. Бастысы келесі кезеңге өттік. Жолымыз ауыр болды, сол себепті ойын қиын өрбіді. Жігіттер барын салды. Жеңіс барлығына құтты болсын. Қазіргі таңда команда қарқын қосып, жеңіске жетіп жатыр. Осыған дейін, өз-өзімізге деген сенімсіздік, былайша айтқанда, психологиялық қысым болды. Қазір одан құтылып, жағдай жақсарып келеді. Алдағы уақытта да, барлығы ойдағыдай болады деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер