Бокс

Геннадий Головкиннің IBF титулынан айырылуы оның табысына әсер ете ме

news-banner7
mobile-news-top

The Ring журналының тілшісі Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулынан айырылуы оның табысына қалай әсер ететіндігі туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IBF украиндық Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте міндетті қорғауын кейінге қалдыруға рұқсат етпесе, қазіргі чемпион белбеуінен айырылуы мүмкін.

«Егер IBF Деревянченконы қолдап шешім шығарса және Головкинді титулынан айырса, 36 жастағы чемпионның көңілі қалады. Оған белбеулер маңызды және ол үш титулды өзінде сақтап қалу үшін көп еңбек етті. Бірақ, қаржылық жағынан оған бұл әсер ете қоймайды. Қазіргі таңда Головкин жұлдыз саналады және ол белбеулерден жоғары тұр. Ол үш титулмен де, титулсыз да орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы», - деп жазды Коппинджер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер