Ұлттық спорт

Астанада аударыспақ пен теңге ілуден халықаралық жарыс өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астананың 20 жылдығына орай елордада өтетін Аударыспақтан ІІІ және Теңге ілуден ІI Азия чемпионатын ұйымдастыру жөніндегі баспасөз мәслихаты өтті. Онда қос чемпионаттың жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл Ұлттық спорт қауымдастығы «Астананың 20 жылдығына 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясын бастады. Осы кампанияның алғашқы шарасы енді бір аптадан кейін, 1-2 маусым күндері Елордамызда өтеді. Ол - Теңге ілуден ІІ, Аударыспақтан ІІІ Азия Чемпионаты. Аталған сайысқа онға жуық елдің 50-ден аса спортшысы, ал жалпы құрамаларды қосқанда 100-ге тарта делегат қатысуы жоспарланған. Бір қарағанда, аз ел көрінгенімен, енді ғана насихаты жасала бастаған Теңге ілу мен Аударыспақ үшін бұл – үлкен нәтиже» - дейді Бекболат Тілеухан.

Оның айтуына қарағанда, Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттарының жалпы жүлде қоры – 14 000 000 теңге.

«Теңге ілуден әр елден – 1, ал өткізуші мемлекет тарапынан – 2 спортшыдан қатысады. Аударыспақтан Азия чемпионатына 9 мемлекеттен 44 спортшы қатысады. Аударыспақ жарыстары 5 салмақ және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша (60, 70, 80, 90, 90+) өткізіледі. Екі сайыста да бас жүлдеге 1,5 млн теңгеден беріледі» - дейді депутат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер