Артур Авакянц: Бұл менің еңбегім деп айту қиын

news-banner7
mobile-news-top

«Ақжайық» - «Астана» (3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін оралдық команда бас бапкері Артур Авакянцтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Жеңіске жеткеннен кейін баспасөз жинынына келудің өзі керемет. Бірінші кезекте бапкерлер құрамының ойынға жүктеген тапсырмасын толықтай орындап шыққан ойыншыларға алғыс айтамын. Бірақ қайталап айтайын, оқу-жаттығу жиындарында команданы мен дайындамағандықтан, бұл менің еңбегім деп айту қиын. Біз команданың жіберген қателіктерін түзету арқылы ғана, жұмыс істеуді жалғастыра аламыз. Және де команданы қолдап келген жанкүйерлерге, ойыннан кейін бізді арнайы құттықтаған облыс әкіміне ерекше алғыс білдіремін. Дегенмен, біздің футболшыларға босаңсып, жеңістің жетегінде кетуге болмайды. Біз «Астана» командасының өз алдына қойған мақсатын жақсы білеміз. Олар ел намысын Чемпиондар Лигасында қорғайтын команда. Ал бізді 4 күннен кейін қызылордалық «Қайсарға» қарсы өте маңызды ойын күтіп тұр.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер