Ел кубогының үздік төрт командасы анықталды

Ел кубогының үздік төрт командасы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалистері белгілі болды.

Қарағандылық «Қайсар» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қонақтар алға шыққанымен, үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестірді.
Осылайша. қос командасының 120 минут доп тебуіне тура келді. Ойынға қосылған қосымша уақыт аяқталар тұста кеншілер пенальти теуіп, жеңісті жұлып әкетті.

«Шахтер» - «Қайсар» - 2:1

Голдар: Шафф 56, Кояшевич пенальтиден 119 - Джа Джедже 41

Ал «Ертіске» ширек финалда Бірінші лига командасы тап болған. Павлодарлық клуб «Мақтааралға» қонаққа барды.

Бұл кездесуде «Ертіс» өз мықтылығын дәлелдей білді. Павлодарлықтар қарсыласын 0:3 есебімен жеңді.

«Мақтаарал» - «Ертіс» 0:3

Голдар: Рамазанов '45+3, Салами '58, Калинин '90+2

Атырауда жергілікті команда қостанайлық «Тобылды» қабылдаған. Алаң иелері жылдам гол соқты. 7-минутта Игорь Зенькович «Атырауды» алға шығарды.

Екінші таймның басында Таңат Нөсербаев гол соғып, таразы басын теңестірген еді. Алайда 66-минутта Зенькович тағы бір гол соғып, «мұнайшыларға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1.

«Атырау» - «Тобыл» 2:1 (1:0)

Голдар: Зенькович 7, 66, Нөсербаев 56

Шымкентте «Ордабасы» мен алматылық «Қайрат» кездескен. Матч овертаймған, кейін пенальти сериясына ұласты. Алматылық клуб сапынан легионерлердің ешқайсысы да ойнамады. Бірінші таймның соңына таман Вороговский қонақтарды алға шығарған. Бірақ екінші таймның басында Айбол Әбікен допты өз қақпасына тоғытып, алаң иелері үшін жағдайды жақсартып берді – 1:1.

Артынша, командалар негізгі уақытта да, овертаймда да есепті өзгерте алмады. Нәтижесінде, матч пенальти сериясына жалғасты.

«Ордабасы» сапынан Диакате, Джигаури, Әшірбеков гол соқса, Фонтанельо мен Нагаев Стас Покатиловтан айласын асыра алмады.

Ал «Қайрат» ойыншыларынан Әбікен, Соколенко, Сәрсенов пен Әліп мүлт кеткен жоқ. Тек Максим Котов қана гол соға алмай қалды.

«Ордабасы» - «Қайрат» 1:1 (0:1) (пен – 3:4)

Гол: Вороговский 45, Әбікен автогол 50

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер