Григорий Бабаян өз командасының «Ақжайықтан» ұтылу себебін айтты

news-banner7
mobile-news-top

«Ақжайық» - «Астана» (3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Біз ойынды ұйымдастыру тұрғысында өте сәтсіз матч өткіздік. Ойыншылардың осы матч алдындағы физикалық мүмкіндіктері өте қиын болғанын айту керек. Себебі, Оралға ұшатын уақыттың кеше кешке ғана өзгергендігін бізге айтқаннан кейін, таңғы уақытта ұшып келуге тура келді. Сол себепті, ойыншылар уақытылы ұйықтап, демалмағандықтан ойынға лайықты деңгейде дайындала алмады. Бұл ақталу емес, факт. Егер ойын туралы айтар болсам, біз ойынды ұйымдастыру тұрғысында қателіктерге бой алдырып, қорғаныста сәтсіз ойын көрсеттік. «Ақжайық» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер