Зенькович «Атырауды» жартылай финалға алып шықты

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан кубогының соңғы жартылай финалисі анықталды.

Атырауда жергілікті команда қостанайлық «Тобылды» қабылдаған. Алаң иелері жылдам гол соқты. 7-минутта Игорь Зенькович «Атырауды» алға шығарды.

Екінші таймның басында Таңат Нөсербаев гол соғып, таразы басын теңестірген еді. Алайда 66-минутта Зенькович тағы бір гол соғып, «мұнайшыларға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер