«Қайрат» өз жастарымен-ақ жартылай финалға шықты

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында Шымкентте «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы ойын тартысты өтті.

Алматылық клуб сапынан легионерлердің ешқайсысы да ойнамады. Десе де, жартылай финалға берілер жолдаманы командалар пенальти сериясында анықтады.

Бірінші таймның соңына таман Вороговский қонақтарды алға шығарған. Бірақ екінші таймның басында Айбол Әбікен допты өз қақпасына тоғытып, алаң иелері үшін жағдайды жақсартып берді – 1:1.

Артынша, командалар негізгі уақытта да, овертаймда да есепті өзгерте алмады. Нәтижесінде, матч пенальти сериясына жалғасты.

«Ордабасы» сапынан Диакате, Джигаури, Әшірбеков гол соқса, Фонтанельо мен Нагаев Стас Покатиловтан айласын асыра алмады.

Ал «Қайрат» ойыншыларынан Әбікен, Соколенко, Сәрсенов пен Әліп мүлт кеткен жоқ. Тек Максим Котов қана гол соға алмай қалды.

Осылайша, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жеткен «Қайрат» Қазақстан кубогының жартылай финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер