«Астана» Жайықтың жағасында оңбай ұтылды

«Астана» Жайықтың жағасында оңбай ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер лигасының 22-ші туры аясында оралдық «Ақжайық» өз алаңында «Астана» командасын қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Ойын басталмас бұрын еліміздің төрт дүркін чемпионының оңай жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген еді. Алайда, ойын барысы бұл ойдың асығыстық екенін дәлелдеді.

Юрий Логвиненко, Патрик Твумаси қатарлы негізгі құрам ойыншыларына демалыс берген елордалықтар Жайық жағасында жеңіліске ұшырады.

Алаң иелері екі таймда да гол соқты. Ал ел чемпиондары ұпай алғанды қойып, қарсылас қақпасына гол соға алмай қор болды. Бұл «Астананың» осы маусымда Премьер лигадағы екінші жеңілісі. Олар сегізінші турда Теміртау қаласында «Шахтерге» есе жіберген болатын.

Қазақстан Премьер лигасы. 22-ші тур
«Ақжайық» - «Астана» 3:0 (1:0)

Гол соққандар: Худобяк Игорь '4, Мане Малик '53, Адеринсола Эсеола'86

«Ақжайық»: Ткачук (Қ), Басов, Мане, Ткачук, Худобяк, Сапанов (К), Хаиров, Тапалов, Шайхов, Ерсәлімов, Антипов.

«Астана»: Мокин (Қ), Аничич, Кляйнхайслер, Маевский, Томасов, Шомко (К), Бейсебеков, Зайнутдинов, Щеткин, Муртазаев, Малый.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер