Бокс

Мадияр Әшкеев тамыз айында шаршы алаңға шығады

Мадияр Әшкеев тамыз айында шаршы алаңға шығады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадияр 4 тамыз күні Атлантик Ситиде өтетін ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) пен колумбиялық Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсетеді.

Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, бокс кеші АҚШ-тың Атлантик Сити қаласындағы Hard Rock Hotel & Casino кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер