«Құпия» ақпарат

Футболшылар «Ақжайық» клубын сотқа бермек

Футболшылар «Ақжайық» клубын сотқа бермек
news-banner7
mobile-news-top

«Ақжайық» командасының бір топ ойыншылары клубпен бүгінге дейін жеңістер мен тең түскен ойындарға төленбей келген сыйақылар үшін соттасқалы отыр.

Осы кезде Орал футбол клубының намысын қорғап келген оннан астам футболшы әділдікке сот арқылы қол жеткізуді көздеп отыр. Бұған себеп «Ақжайық» клубы оларға өткен жылдан бері 12-14 сыйақы қарыз болып қалған. Енді ойыншылар өздеріне тиесілі осы қаржыға сот арқылы қол жеткізуді көздеп отыр.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Ақжайық» бірінші лигадан шығып қала жаздаған болатын. Маусым аралығында командаға Владимир Мазяр басшылыққа келді. Алайда ол бұл қызметте жарты жылға жуық уақыт та істеместен жұмысын тастап, кетіп қалды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер