Теннис

Алматыда жаңадан ашылған теннис орталығы спорт жұлдыздарын қабылдайды

Алматыда жаңадан ашылған теннис орталығы спорт жұлдыздарын қабылдайды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда Қазақстан теннис федерациясы жақында «Эйс» теннис орталығын ашылған болатын.

Орталық жазғы мезгілде өтетін «ATP Challenger» сынды халықаралық турнирлерді қабылдайтын алып шаһардағы ең үлкен клуб болып табылады. Бұл жерде көлемі 8100 шаршы метрді құрайтын 4 жабық және 6 ашық корттар бар. Сонымен қатар, ұлттық құрама спортшылары дайындалатын 2 жаттығу залы, медицина пункті, киім шешетін орын, нұсқаушылар кабинеті, тамақтанатын орындар мен баспасөз орталығы жұмыс жасайды. Барлық алаңдар халықаралық стандартқа сәйкес орнатылған. Теннис кешені «Мамыр-1» ықшам ауданында 29/10 орналасқан.

- Жазда бұл жерде жүлде қоры 15 мың долларды құрайтын алғашқы ITF Womans халықаралық жарысы өтеді. Көптеген танымал теннисшілер келеді деп күтілуде. Қазақстан құрамасы да жүлдегерлердің қатарынан көрінеді деп сенеміз, - деді осы орталықтың директоры Андрей Квасов.

Қазіргі танда Алматыда 10-нан астам үлкен теннис клубтары бар, оның төртеуі Қазақстан теннис федерациясы филиалына тиесілі. Осы қысқа мерзім ішінде бұл теннис орталығына 200-ден астам әуесқой келіп осы спорт түрімен айналысуда. Олардың көбісі топ бойынша жаттығатын 4-тен асқан балалар. Клуб 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

- Біздің филиал балалар үшін қалада ең төменгі баға айына 17 мың теңгені ұсынады. Ол аптасына 1 сағаттан 3 күн болатын 12 сабақ. Сондай-ақ алып шаһрада өзгеде жеке меншік клубтар жұмыс істейді, олардың бағасы өздерінің шығынына байланысты қойылған. Біз қатысушыларға доп және ракетка бере аламыз, ал, арнайы жабдықтарды өздері сатып алу қажет. Сонымен қатар, бізде жағдайы төмен және көпбалалы отбасылары мен мүгедек жандарға 10-нан 50%-ға дейін жеңілдік бар, - деді директор.

Оның айтуынша қатысушылар саны көбейіп, тенниске қызығушылық танытып келе жатқан балалар көп. Ол деген бұл спорттың Алматыда ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында жақсы дамып келеді деген сөз. Қазақстан теннис федерациясының филиалдары Қазақстанның барлық аймағында орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер