Былғары қолғап шеберлері
Бокс

Исмаэль Салас: Көп оқы, және оқығаннан шаршама.

Исмаэль Салас: Көп оқы, және оқығаннан шаршама.
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтың (17-2-0, 19 КО) жаттықтырушысы Исмаэль Салас Prosports.kz сайтының тілшісіне сұхбат беріп, 7 шілдеге әзірлеп жатқан жоспарларымен бөлісті.

- Исмаэль мырза, Бейбітпен біраз уақыт жұмыс істемедіңіз. Ал қазір қайта қауышып отырсыздар...

- Бейбітті қайта жаттықтыратыныма қуаныштымын. Себебі біз жекпе-жек қарсаңындағы жаттығу жұмыстарын өткізбегенімізге көптен-көп уақыт болды. Араға бір жыл салып, Бейбітпен қайта қауышып отырғанымсыз осы. Өзіңіз білесіз, Бейбіт қазір өзінің чемпиондық белбеуі үшін қайта шаршы алаңға шығады.

- Чемпиондық белбеуін сақтап қалу үшін кезекті қарсыласын жеңуі тиіс, ал Хизни Алтункая осал қарсылас емес. Десек те, түркиялық боксшыға қарсы арнайы тактикаңыз бар шығар?

- Тактика дейтіндей мұнда айтарлықтай ешнәрсе жоқ. Әрине, әрбір бапкер өзінің шәкірті әр жарыста жеңіске жетсе екен деп барын салады. Мәселен, кез-келген спорт түрінде қарсыласынан басым түсу үшін, сол спортшының осал тұстарын бапкері зерттей бастайды. Алайда, мен ондай іс-әрекетке бет бұрмаймын. Менің жаттықтыру стильім ол, бокстың негізгі жаттығу жұмысы. Басқа сөзбен айтқанда, бокс мектебінен келе жатқан жаттығулар десем артық етпес.

- 6 шілдеде Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Ал, Бейбіттің жекпе – жегі 7 шілде. Бұл жекпе – жекті арнайы мерекеден кейін қойып отырсыздарма?

- Шыны керек, бұл тұрғыда дәл осы күні болсын деп біздің жоспарымызда болмаған. Себебі, жекпе-жектің күнін белгілемес бұрын біз Бейбіттің менеджерімен келісім шартты үзген едік. Егерде, бұл істі сот арқылы шешкенде, біз үшін тиімсіз болар еді. Біріншіден уақыт жоғалтар едік, екіншіден біздің тараптан ақша шығыны кетер еді. Бірақ, менеджермен өзара келісіп, осылайша жұмысымызды аяқтаған болатынбыз. Бір істің басын қайырғаннан кейін Шүменовтың жекпе-жегін 7 шілде күні өтеді деген ақпаратқа хабардар болдық. Қарап отырсаңыз, күтпеген тосын сый.

- Бейбіттің шаршы алаңдағы әрбір бәсекесінде қандай түйіндемелерді жиі айтасыз?

- Қандай да бір спортшы болмасын, ол қателік жібереді. Мысалы, Бейбіт әр қарсыласына қарсы, әртүрлі стильмен шығады. Дегенмен де, ол да қателікке бой алдырады. Әрбір жіберген қателігін, әр раундта құлағына құйып отырамын. Себебі, бокста әрбір жіберілген немесе қарсыласыңа дарытқан соққылар өте маңызды. Мүмкін, кезекті соққысы жекпе-жектің нүктесін қоюға кім кепілдік бере алады. Ешкім. Сондықтан да, қайбір былғары қолғап шеберіне қарсы шықпасын, Бейбітке айтатыным; «қарсыласыңды бағала».

- Жалпы Бейбітті бес саусағыңыздай білесіз. Ал, Қазақстан атынан шығып жүрген басқа былғары қолғап шеберлерімен таныссызба?

- Қазақстандық боксшылар жайлы мен бала жасымнан білемін. Әсіресе Кеңес үкіметі кезінен бастау алған қазақ боксшыларына қанықпын . Ол, заманда Кеңес үкіметі мен Куба елінің спортшылары, шаршы алаңда жиі кездесіп отыратын. Солардың ішінде, көзіме ерекше түскен боксшы ол – Серік Қонақпаев. Қазіргі таңда, халықаралық аренада қазақ спортшылары құр қол қайтпайтыны, шапалақ ұрарлық. Егерде, қазақ боксына өз қол ұшыңызды беріңізші дейтіндер болса, өз білімімен бөлісуге мен дайынмын.

- Қазақстандық спортшылардың ішінде осы күнге дейін сізге жолығып, мені жаттықтырыңызшы дегені болды ма?

- Бар. Ол Қанат Ислам. Алайда, сол уақытта Қанат Исламның промоутерлік контракті болған. Біле білсеңіз, қайбір спортшы болмасын ол, промоутерлік контрактісін бұзбауы тиіс. Сондай-ақ, Қанаттың промоутері ол жеке бапкері еді. Қазіргі таңда Қанат Ислам АҚШ-та жаттығып жүр. Ал, мен өз кезегімде, шәкірттерімді Лондон қаласында жаттықтырып жүрмін. Неігізінде, Бейбітті Лондонда жаттықтыруым керек еді. Бірақ, тартысты кештің бас промоутері Бейбіт болғандықтан жаттығу жұмыстарын Лондоннан Астанаға ауыстыруымның себебі осында жатыр.

- Өз кезегіңізде, сіз бокстан Куба құрама командасын жаттықтырған едіңіз. Ал, қазір кәсіби деңгейде сіз, әр ұлттың спортшыларын жаттықтырасыз. Неге?

- Куба елінде талай жыл еңбек еттім. Оның үстіне олимпиада чемпиондарын шығардым. Мәселен, Феликс Сабона (олимпиада ойындарының 3 дүркін, әлем біріншілігінің 7 дүркін чемпионы), Хоэль Касамайор (Барселона олимпиадасының чемпионы) сынды саңлақтарды әлемдік деңгейге көтере алдым. Ал, қазіргі уақытта бапкерлік кәсібімді одан әрмен дамыту үшін, өзге елдің кәсіби адамдарымен тәжірибе алмасып, білімімді толықтыра бастадым.

- Бейбіт Шүменовтен басқа кімді жаттықтырасыз?

- Британдық боксшы – Джозев Джойсты. Бұл спортшыны барша қазақстандықтар біледі деп ойлаймын. Өйткені, Рио олимпиадасында жартылай финалда Иван Дычконы жеңген дәл өзі. Бірақ, финалдық бәсекеде Франциялық боксшы Тони Йокқа жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.

- Өмірлік ұстанымыңыз?!

- Көп оқы, және оқығаннан шаршама.

- Сұхбет бергеніңіз үшін көп рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер