Бокс

Геннадий Головкиннің IBF атағынан айырылатыны рас па

news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброуз Головкин үшін Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығып IBF атағын қорғанғаннан Сауль Альвареспен жұдырықтасқан тиімді деп есепетйді.

Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF-пен келіссөз жүргізіп, ұйымнан міндетті қорғауды тағы да кейінге шегеруді сұрамақ ниетте.

Журналистің сөзінше, егер IBF Головкинге Деревянченкомен болатын жекпе-жекті кейінге шегеруге мүмкіндік бермесе, GGG IBF чемпиондық белбеуінен айырылуға мәжбүр болады. Головкин бұл қадамға баруы мүмкін. Геннадий үшін Деревянченкомен жұдырықтасып аз қаражат алғанша, қыркүйекте Альвареспен кездесіп қомақты табыс тапқан тиімді.

- Орта салмақта IBF атағынан айырылу 36 жастағы Головкин үшін қиын емес, өйткені осы белбеуді иеленген адаммен жекпе-жекке шығатын мүмкіндігі бар. Головкин мен «Канело» – орта салмақтағы ең танымал екі боксшы. «Канело» IBF белбеуіне құштар емес, сондықтан белбеу үшін Деревянченкомен шығуға талпынбайды, – деді Эмброуз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер