Бокс

Геннадий Головкин әлемдегі 100 үздік спортшының қатарына енді

Геннадий Головкин әлемдегі 100 үздік спортшының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Танымал ESPN телеарнасының сайты әлемнің ең үздік спортшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

АҚШ-тық телеканалдың пайымдауынша қазіргі таңда әлемнің ең атақты спортшысы - Испанияның «Реал Мадрид» командасында доп тебетін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду. Ал екінші орынға атақты баскетболшы ЛеБрон Джеймс жайғасқан. Үздік үштікті тағы бір танымал футболшы Лионель Месси түйіндеп тұр.

Аталған тізімде үздік 100 спортшының қатарына бес боксшы енген. Олардың арасында орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин де бар. Отандасымыз 61-ші сатыда тұр.

Басқа боксшылар, Флойд Мэйвезер — 14-ші, Энтони Джошуа — 46-шы, Сауль Альварес — 58-ші, Мэнни Пакьяо — 63-ші, Владимир Кличко — 74-ші орындарға жайғасқан.

Ал ТОP-10 спортшының қатарына футболшы Неймар, теннисші Роджер Федерер, гольф доп шебері Тайгер Вудс, баскетболшы Кевин Дюрант, теннисші Рафаэль Надаль, баскетболшы Стефен Карри, гольф доп ойыншысы Фил Микельсон қатарлы спортшылар еніп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер