Футзал

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Украина чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бұрынғы бас бапкері Жоао Карлос Барбоза украиналық «Продэксим» клубымен бірге Украина чемпионы атанды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Барбозаның командасы ақтық серияда «Энергия» клубымен кездесті. Әрі алғашқы үш матчта жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс бразилялық маман «Қайратты» бастап UEFA кубогының қола медалын екі мәрте жеңіп алған болатын. «Қайрат» футзалдан UEFA кубогының жүлдесіне алғаш рет осы маманың кезінде қол жеткізді. Әрі алматылықтардың Еуропадағы алпауыт ұжымға айналуына бұл бапкердің сіңірген еңбегі зор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер