Ой қорыту
ММА

Абылайхан Қадыржан ММА-дан Қазақстан чемпионы атанды

Абылайхан Қадыржан ММА-дан Қазақстан чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Мамы айында Астанада аралас жекпе-жек ММА-дан Қазақстан чемпионаты өтті.

Ел чемпионы атағын алу үшін барлық өңірлердің спортшыларыөзара мықтыны анықтады. Әйелдер мен ерлер он төрт салмақ дәрежесінде бақ сынады.Қазақстан чемпионатына алғаш рет 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, ересектер арасында алтынды Саида Хасенова, ал күмісті Александр Дя және Еламан Шалқымбаев олжалады. Ал Жасұлан Мейрманов қола жүлдені қанағат тұтты. 16-18 жастағы қыздар арасында Жанна Ахметкиримова мен Махаббат Жұмақұл жеңіске жетті. Ал ұлдар арасында бірінші орынды төрт балуан Бекзатхан Петралиев, Алихан Тұрсынов, Жеңіс Асылжан және Длявер Алемситов иеленсе, екінші орынға Тимур Жаимбаев, Давид Бакуев пен Аманжол Серикпулов жайғасты.

«Battle of Nomads»Гран при жүлдесін алматылық спортшыАбылайхан «Мансұр» Қадыржан жеңді. Ол үш жекпе-жек өткізді, бірінші кездесуде Тәжікстанның спортшысы Сейдумаром Матифулооны ұпай саны бойынша жеңді. Ал испандық Карлос Эдуардо «Тетто Тераноса» де Аливерроны қылғындыру әдісімен тізе бүктірді. Ақтық бәсекеде Өзбекстанның балуаны Жасурбек Анарбоевты ұтып, кәсіпқойлар арасында чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер