Бокс

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтеді?

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтеді?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның кезекті жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам (25-0, 20 КО) келесі жекпе-жегін 23 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында өткізеді. Отандасымыз Головкиннің бұрынғы қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен қолғап түйістіруі мүмкін.

Айта кетейік, Қанат Ислам болса соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Росадо 2013 жылдың қаңтарында Геннадий Головкинмен кездесіп, 7 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер