Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Эгис Климаспен келісімшартқа отырды

Жәнібек Әлімханұлы Эгис Климаспен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой боксқа біржолата ауысқан Жәнібек Әлімханұлы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы боксшының өзі бүгін Алматы қаласында БАҚ өкілдері үшін өткізген ашық жаттығуында айтты. Жәнібек Әлімханұлы енді The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған Эгис Климаспен жұмыс атқаратын болады.

- Америкаға үлкен жоспармен кетіп барамыз. Эгис Климаспен ресми келісімшартқа отырдық. Бірақ промоутерлерді әлі қарастырып жатырмыз. Өйткені көптеген промоутерлерден ұсыныс түсіп жатыр. Командамызбен ақылдасып, бір шешімге келеміз деген ойдамын, – деді Жәнібек Әлімханұлы ашық жаттығуында.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 2 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның менеджері атанған Эгис Климас Қанат Ислам, Мадияр Әшкеев және Мейірім Нұрсұлтанов секілді өзге қазақстандық боксшылармен жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер