Қазақстандық төреші Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында төрелік етті

Қазақстандық төреші Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында төрелік етті
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА төрешісінің көмекшісі Юрий Тихонюк 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында қызмет атқарды.

17 жасқа дейінгі 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңі 4-20 мамыр аралығында Англияда өтті. Шешуші бәсекеге Англия, Италия, Португалия, Испания, Голландия, Германия, Сербия және басқа да елдер қатысты.

Англияда өткен жарыста ақтөбелік төреші топтық кезеңнің төрт ойынында қызмет атқарды: Швеция U-17 - Португалия U-17 (1:0), Англия U-17 – Италия U-17 (2:1), Дания U-17 - Босния және Герцеговина U-17 (2:3), Голландия U-17 – Испания U-17 (2:0).

Финалда Италия құрамасымен кездесіп, матч соңындағы пенальти сериясында жеңіске жеткен Голландия құрамасы турнир жеңімпазы атанды.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер