Жеңіл атлетика

Никита Филиппов Пусандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Никита Филиппов Пусандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында сырықпен секіруден халықаралық турнир өтті. Осымен отызыншы рет ұйымдастырылған жарыста тағы да қазақстандық атлет топ жарды.

Жалпы, Пусанға 70-ке жуық спортшы жиналыпты. Олардың арасында жергілікті Корея атлеттері, сондай-ақ Қытай, Жапония,Испания, Бразилия, Беларусь, Украина, Қазақстан атлеттері қатысты. Олар ересектер, жастар және әйелдер арасында жүлдені сарапқа салды. Елімізден үш спортшы барды. Қазақстан спортшылары соңғы жылдары жеңісті жиі тойлап жүр. Мысалы, 26 жастағы Никита Филиппов бұған дейін үш рет чемпион атанған.Сергей Григорьев екі рет топ жарған. Михаил Буда бір мәрте жастар арасында бірінші орын, бір рет қола жүлде еншілеген.

Осы жолы тағы да Никита Филипповтың жолы болды. Алматылық атлет 5,50 метрге секіріп, бас жүлдеге қол жеткізді. Буда 4,60 метрмен жастар арасында үшінші орынға тұрақтады.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер