Бокс

Оңтүстік Қазақстан облысында бокстан халықаралық турнир аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Өмірбай Сақұлы еске алуға арналған оқушылар арасында бокстан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сайысқа 28-60 кг салмақ аралығында Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 184 спортшы қатысты. Финалға тек қазақстандық боксшылар ы өтті. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлері барлығы 17 салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болды.

Ақнұр Өмірбай, турнирдің қатысушысы: - Мен сегіз рет сайысқа қатысып, оның бесеуін жеңдім. Атамды еске алуға арналған осы турнирде күшімді сынап көруді шештім. Бұл қиын болды, қарсыластар өте күшті болды, бірақ мен бәрін жеңе алдым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер