Күрес

Қазақстан құрамасы әскери қызметкерлер арасында өткен әлем чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі wrestling.kz. сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің соңғы күнінде 82 келідегі грек-рим күресшісі Асхат Ділмұхамедов күміс медальді жеңіп алды. Финалда Асхат Ресейлік спортшы Имил Шарафитдиновтен жеңіліп қалды.

77 кг салмақта Мақсат Ережепов қола медальға қол жеткізді. Мақсат жартылай финалда ресейлік спортшы Чингиз Лабазановқа есе жіберді. Қола медаль үшін күресуде Белоруссиядан келген балуанды жеңді.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестің үш түрінен 7 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер