русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Саров» командасын қабылдайды

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Саров» командасын қабылдайды

Бүгін Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Саров» (Ресей, Саров қаласы) командасын қабылдайды.

Айта кетсек, Өскемен қаласының хоккей клубы соңғы төрт ойында қатарынан жеңілген болатын. Екі апталық демалысқа шығардың алдында команда Қарағанды қаласының «Сарыарқасымен» кездесіп, 0:6 есебімен оңбай ұтылып қайтқан. Осылайша, Жоғары хоккей лигасының көш басында тұрған клуб бүгінде 36 ұпаймен бесінші орынға сырғып түсті. Оның бүгінгі қарсыласы - «Саровтың» да жағдайы мәз емес. Бұл команданың еншісінде 24 ұпай бар. Сондықтан ол кестенің 22-ші орнында орналасты. Жалпы, лиганың биылғы чемпионатында 26 хоккей клубы өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;