ММА, UFC
ММА

«Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуы

«Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, яғни 21 мамырда «Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуы атты жаңа спорттық реалити-шоуының таныстырылылымы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

Шараға, аталмыш жобаның бас продюсері Гаухар Иманқұлова, «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин және танымал боксшы Бейбіт Шүменов сынды спикерлер қатысты. Спикерлердің сөзінше, бұл жоба салауатты өмір салтын дамытумен қатар, ММА кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау болып табылады.

- «Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуы, жалпы күрес, бокс, джиу-джитсу сынды спорт түрлерінен өз атын әлі күнге шығара алмаған спортшыларға арналған. Яғни, ауыл-аймақтарда тұратын саңлақтар, өз өнерін қалың жұртқа паш еткісі келсе, осы жоба болашағының кілті болып табылады, дейді «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин.

Сонымен қатар, аталмыш жобаның бас продюсері Гаухар Иманқұлова, өз кезегінде;

- Аталған додаға қатысам деушілер болатын болса, http://kazsport.kaztrk.kz/ru сайтына кіріп, толық мағлұматқа ие бола алады!- деді.

Естерңізге сала кетейік, «Qazaqstan FIGHTER» жобасы қыркүйек айынан бастап «QAZSPORT» және «Qazaqstan» телеарналарынан көрерменге жол тартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер