Бокс

Головкиннің IBF титулына кімдер үміткер бола алады

news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының шолушысы Дэн Эмброуз Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылса, бұл титулды кім иеленетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бүгін GGG промоутері Том Леффлер IBF-пен титулды міндетті қорғауды кейінге қалдыру туралы келіссөздер жүргізеді. Егер ұйым қазақстандықтың ұсынысын қабылдамай, 3 тамызға дейін Деревянченкомен айқаспаса, ұйым оны өз титулынан айырады.

«Егер IBF белбеуін Головкиннен алып қойса немесе ол оны босатса, Деревянченко рейтингі жоғары үміткермен кездеседі. Ол IBF-тің ТОП-15-інде төртінші нөмірлі Деметриус Эндрейд (25-0, 16 KO) болуы мүмкін. Олардың жекпе-жегі қызықты болар еді. Бұл жекпе-жекте жеңімпазды болжау қиын, себебі екеуі де Олимпиадада өнер көрсеткен және бокстаса алады», - деп атап өтті автор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер