Қызылордада Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды

Қызылордада Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордада жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған турнир өтті.

Жарысқа Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысынан тоғыз команда қатысты. Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша Қазалы қаласының командасы бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарды Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының командалары бөлісті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Премьер-лиганың 11-турындағы «Қайсар» мен «Атырау» командалары арасындағы ойынның үзілісінде өтті. Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қызылорда облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев және Тимур Сегізбаевтың туысқандары қатысты.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер