Теннис

Зарина Дияс Страсбург турнирінің екінші айналымына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-інші ракеткасы Зарина Дияс Страсбург (Франция) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зарина жүлде қоры 300 мың АҚШ долларына жуықтайтын байрақты жарыстың бірінші айналымында әлемнің 382-інші ракеткасы, поляк қызы Катажина Питермен кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Дияс екінші айналымда осы турнирдің 6-ыншы ракеткасы болып тіркелген венгриялық Тимея Бабош немесе франциялық Фиона Ферроның біреуімен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер