Теннис

Герасименко Бангкоктан жүлдемен оралды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен Әлемдік серия аясындағы ITTF Challenge турнирінде үшінші орын алды.

Герасименко Бангкоктағы жарыс барысында Давид Сердароглу (Австрия), Ю-Хсин Фенг (Тайвань), Федор Кузьмин (Ресей) және Су Ши (Гонконг) сынды теннисшілерден айласын асырған. Алайда қытайлық Сюй Жуйфенгтен 2:4 есебімен ұтылып, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлдеқоры 40 мың долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер