Жеңіл атлетика

Қарағандыда «Арманға жол» атты дәстүрлі жартылай марафон аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда «Арманға жол» атты дәстүрлі жартылай марафон аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ЖАФ-ға сілтеме жасап.

Ерлер арасында белорустық Владислав Прямов бірінші рет финалдық жолды кесіп өтті. Екінші боп украиндық Богдан Иван Хородинский, үшінші боп қырғызстандық спортшы Әділет Кыштақбеков мәре свзвғвн кесіп өтті. Ерлер арасында қазақстандық атлеттер Михаил Красилов пен Андрей Лейменов алтыншы және жетінші орынды иеленді.

Әйелдер арасында Қырғызстаннан келген Виктория Полюдинаға тең ешкім болмады. Екінші және үшінші орынды украиндықтар - Евгения Прокофиева және Виктория Хапилина иемденді. Қазақстаннан атынан әйелдер арасынан Жанна Мамажанова мен Ольга Богомольская жүгірген болатын. Олар бесінші және алтыншы боп келді.

Жартылай марафон жеңімпаздары 1 миллион теңге ақшалай сыйлық алды. Екінші орыннан бастап алтыншы орын үшін келесі жүлделер төленді: 650,000, 400,000, 300,000, 200,000, 150,000 теңге.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер