Головкин мен Альварестің рематшы қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда
![Головкин мен Альварестің рематшы қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда](https://prosports.kz/upload/news/content/201131_2bfae7615ce997ddd4eecc21ca087ef7.jpg?v=28656172)
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы екеу емес, үш жекпе-жек өткізуі мүмкін.
2016 және 2017 жылдары Головкин екі жекпе-жектен өткізді. Биыл ол әзірге бір рет шаршы алаңға шықты, қазақстандық боксшы 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны белгілі.
Головкиннің келесі қарсыласы — Cауль "Канело" Альварес. Қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.
"Бәрі келесі жекпе-жектің нәтижесіне байланысты болады. Барлығы жақсы болса, Геннадий биылғы жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығуды көздеп отыр", — деп жауап берді Леффлер.