Джордже Десптович: Команда жеңісті жолын жалғастырады деп үміттенемін

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 11-ші туры аясында өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Ойын соңында елордалық команданың аталмыш кездесудегі жылдам голының авторы Джордже Деспотович матч туралы өз пікірімен бөлісіті:

- Бұл менің осы маусымдағы алғашқы жылдам голым. Бірақ, менде одан кейін де гол соғатын мүмкіндіктер болды. Келесі кездесуде де гол соғамын деген үміттемін. Ең бастысы біз жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.

- Гол соғылған сәтте қақпашы допқа жете алмай қалды ма?

- Доп қақпашы екеуміздің ортамызда болғандықтан, мен допқа алғаш болып жеттім. Сосын гол соқтым.

- «Астана» командасының қазіргі көрсетіп келе жатқан ойынымен, алдағы кездесулерде де голдық серияны жалғастыруға үмітіңіз бар ма?

- Мен де соған үміттенемін. Және де команда жеңісті жолын жалғайды деген ойдамын.

- Ойынның басым бөлігінде 2:1 есебі сақталып тұрды және қарсылас командада есепті теңестіретін мүмкіндіктер болды...

- Егер өзіңде болған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбасаң, ондай жағдайлар болып тұрады. Ойын есебі 2:1 болғанда аздап уайымдадым. Дегенмен, үшінші гол соғылғаннан кейін ол уайым сейілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер