Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Буффонның бұрынғы командасы Италия А сериясына оралды

Буффонның бұрынғы командасы Италия А сериясына оралды
news-banner7
mobile-news-top

Италия В сериясының соңғы турында сырт алаңда «Специю» командасын жеңген «Парма» футбол клубы үш жылдан кейін Италияның ең жоғарғы лигасы А сериясына қайта оралды, деп жазады prosports.kz.

Осылайша Италия футболының тарихындағы ең атақты клубтардың бірі «Парма» келесі маусым Италия А сериясында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Парма» футбол клубы 2015 жылы маусымда банкрот болғанын жариялап, Италияның төртінші дивизионына (D лигасы) түсіп қалған еді.

Бірақ, араға үш жыл салып Италияның ең жоғарғы лигасына оралып отыр. Олар осы үш жылда үш саты көтерілді. Алдымен, 2015/16 жылғы маусымда Италия С сериясына, 2016/17 жылғы маусымда Италия В сериясына, ал биыл А сериясына жолдама алып отыр.

Команда капитаны - Алессандро Лукарелли

Команда капитаны - Алессандро Лукарелли

2015 жылы команда таратылғанда клуб сапында қалған жалғыз ойыншы - Алессандро Лукарелли. Биыл жазда 41 жасқа толатын Лукарелли сол кезде команда капитаны болатын. Сүйікті командасы таратылғаннан кейін ол жалғасты клубта қалып, қайтадан А сериясына оралуға бел байлайды. Әрі сол арманына жетіп отыр.

Ал бұл команданы Италияның үздік клубтарының бірі деуімізге себеп, «Парма» өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Италия кубогын, Италия Суперкубогын бірнеше мәрте ұтқан. Сонымен қатар Халықаралық турнирлерде де ел намысын лайықты қорғай білген еді. UEFA Еуропа лигасын (1995, 1999), Еуропа Суперкубогын (1993) жеңіп алған.

Бұған қоса, «Парма» командасының сапында Джанлуиджи Буффон, Фабио Каннаваро, Лилиан Тюрам, Хуан Себастьян Верон, Эрнан Креспо сында саңлақтар доп тепкен еді.

Кезінде «Парма» сапында мынадай жұлдыздар өнер көрсеткен еді.

Кезінде «Парма» сапында мынадай жұлдыздар өнер көрсеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер