Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы: Бесінші жарыс күнінің қорытындысы

news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы кубогының бесінші жарыс күні аяқталды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

85 келі салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Уланов (170+205) топ жарды. Екінші сатыда Михаил Макеев (151+185). Үздік үштікті қызылордалық Евгений Ломанов түйіндеді (155+180).

94 келіде 2015 жылғы Азия чемпионы Рустем Сыбай (156+210) үздік атанды. Күміс жүлде Артем Антроповтың (150+202) еншісінде. Қола медальді Нұржан Кеңесбек (132+180) қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер