Испандық теннисші допинг дауына ілікті
![Испандық теннисші допинг дауына ілікті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1384241360_260458084.jpg?v=28707855)
Испан теннисшісі Нурия Льягостера-Вивес допинг қолданғаны үшін спорттық бәсекелерден екі жылға шеттетілді.
33 жастағы, жұптық рейтингтегі үздік ойыншылардың арасында 40-ыншы орындағы спортшының ағзасынан метамфетамин табылған. Ол мұның қайдан пайда болғанын түсіндіре алмады. Нурия Льягостера-Вивестің жарыстан шеттетілуі 2015 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады, деп хабарлады "Спортбокс".
Еске сала кетейік, Льягостера-Вивес жұптық дәрежеде WTA турнирінің он алты дүркін жеңімпазы болып табылады.