«Қайрат» өз алаңында «Шахтерді» жеңді

«Қайрат» өз алаңында «Шахтерді» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер лигасының 11-ші туры аясында «Қайрат» командасы өз алаңында «Шахтерді» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматының орталық стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Өткен турда бұл екі команда да жеңіліп қалған болатын. «Қайрат» сырт алаңда «Тобылдан» ұтылса, «Шахтер» өз алаңында «Ертіске» есе жіберген еді.

Маусым басталғалы негізгі құрамдағы ойыншыларын сапырлыстырып жүрген алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер бүгін бас шабуылшысыз ойнап көрді. Үміт артқан Чума Анене мен жаңдан келген Уго Сильвейра сенімді ақтай алмаған соң бас шабуылшының міндетін Аршавинге артты. Жерар Гоуды жіберіп алған соң алматылықтардың өкініштен өзегі өртеніп жүрген көрінеді.

Қорғаныс шебінде Нұралы Әліп қайтадан негізгі құрамда шықты. Ал орталық алаңда команда капитаны Бауыржан Исламхан тағы қосалқы құрамда қалды. Бұған қоса бүгін Карлос бапкер Исламбек Қуатқа демалыс берген екен.

Бірінші таймда алаң иелері алғы шепетегі легионерлеріне сүйеніп тынбай шабуылдағанымен гол соғудың сәті тайм соңында ғана түсті. Онда да голды қаптаған шабулдаушы ойыншылар емес, қапталдағы қорғаушы Ғафуржан Сүйінбаев соқты.

Екінші таймда да ойын мәнері бірінші таймдағыдай өрбіді. Алаң иелері жиі шаубылдағанымен, қауіпті сәттер санаулы ғана. Қонақтардың қорғанысы да қателікке бой алдыра қойған жоқ.

Бүгінгі тәжірибесінен де тәуір нәтиже шығара алмаған испаниялық маман ойынның бір сағаты артта қалған кезде алаңға жас шабуылшы Швыревті шығарды. Жанкүйерлер асыға күткен Бауыржан да осы сәтте ойынға араласты.

Бас бапкердің осы шешімі өз жемісін беріп, ойынның 79-шы минутында Бауыржан Исламхан гол соқты. Капитанның алыстан шірене тартқан добына Шацкий бар күшімен секіргенімен, тосқауыл бола алмады. Бұл Исламханның осы маусымда ҚПЛ-де соққан алғашқы голы.

Осыдан кейін де қос команда шабуылда көп еңбектенгенімен, есепті өзгертудің сәті түспеді.

«Қайрат» - «Шахтер» 2:0 (1:0)

Гол соққандар: Сүйімбаев (42), Исламхан (79)

«Қайрат»: Плотников (Қ) (К), Исаэль Да Силва, Иличевич (Исламхан), Бато, Элек, Алвес Рибейро, Аршавин, Лунин, Сүйімбаев (Вороговский), Жуков (Швырев), Алип.

«Шахтер»: Шацкий (Қ) (К), Ткачук, Мужек, Мигунов, Володько (Тарасов), Кояшевич, Стоянович, Кульбеков, Пикалкин (Мангуткин), Наджарян, Шафф (Суботич)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер