Жеңіл атлетика

Алматыда спорттық гимнастикадан қала біріншілігі өтеді

Алматыда спорттық гимнастикадан қала біріншілігі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Мамырдың 21-23 күндері аралығында №9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде спорттық гимнастикадан Алматы чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Аталмыш жарыс жастарды спортқа, салауатты өмір салтына баулу үшін де септігін тигізері сөзсіз. Турнирде қыздармен қатар, ұлдар да бәстесетін болады. Айтулы доданың басты мақсаты – Алматыда спорттық гимнастиканы дамыту және елге таныту, сонымен қатар үздік спортшыларды анықтау, қатысушылар мен төрешілердің шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және грамоталармен марапатталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер