Грек-рим күресі

Балуандарымыз әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Балуандарымыз әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық еркін күрес шеберлері әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлделі орындардан көрінді.

Ресейдің Мәскеу қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында үздіктер қатарынан табылды. Әділет Дауламбаев (92 келі) пен Нұржан Өмірбеков (125 келі) алтын жүлде үшін белдесуде есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда Әділет ресейлік балуанға есе жіберсе, Өмірбеков ирандық Ядулох Мохебидің қарқынына төтеп бере алмады. Сондай-ақ 79 келіде белдескен Ғалымжан Өсербаев пен 86 келідегі Нұрдаулет Көктеубаев қола жүлде қол жеткізді.

Айта кетейік, әйелдер арасында Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдені еншілген болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер