русский язык
Волейбол

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатынан олжалы оралды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатынан олжалы оралды

Жағажай волейболынан Қытайдың Ухань қаласында 7-10 қараша күндері өткен Азия чемпионатынан қазақстандықтар олжалы қайтты.

Онда Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Азия чемпионы атанып, рейтингтік қоржынын 500 ұпайға толықтырды. Ал үшінші орын алған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова және төртінші орын алған Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 400 ұпайға, тоғызыншы орын алған Бақтыгул Самаликова мен Александра Варасова 200 ұпайға ие болды.

Бұған дейін Алексей мен Александр жұбы 2011 жылы - 3-орын алса, 2009 жылы 2-орынды иеленген болатын. Сондай-ақ Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев 2009 жылы, Александр Дьяченко Алексей Кулинич 2006 жылы екінші, Олег Киселев пен Павел Забуслаев 2004 жылы - 3, ал Дмитрий Воробьев пен Павел Забуслаев 2002 жылы 2-орыннан көрінген еді. Ал әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 2010 жылы 2 орынға ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;