Жеңіл атлетика

Әлемге танымал атлет Қарағандыдағы марафонға қатысады

Әлемге танымал атлет Қарағандыдағы марафонға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Беларусь елінің атлеті Владислав Прямов 20 мамыр күні Қарағандыда өтетін «Арманға жол» марафонына қатысады.

Владислав Прямов – 1984 жылы дүниеге келген. Беларусь ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысқан. Былтыр Астанада өткен халықаралық ШЫҰ марафонында мәреге екінші келген болатын.

Спортшы қазіргі кезде өзінің нағыз бабында. 33 жастағы атлет Қазақстанға келіп, тағы бір мәрте биіктен көрінгісі келеді.

Прямовтың марафондағы жеке рекорды – 02:17:16. Астанада 2 сағат 18 минутта келген. Жартылай марафондағы үздік көрсеткіші – 01:06:40.

Айта кетейік, биыл 20 мамырда жүгіруге ниет білдірушілер өздерінің күштерің әр түрлі қашықтықта байқап көруге мүмкіндіктері бар. Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алады: «Арманға жол» (21 шақырым), «Спутник» (14 шақырым), «Достық» (7 шақырым), «Балапан» (2 шақырым).

Қарағандыдағы жартылай марафон өткізетін тас жол қатысушылардың спорттық норматив орындауға мүмкіндік береді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер