русский язык

Бекжанов пен Симонова шорт-тректен әлем кубогы кезеңіне қатысуда

Бекжанов пен Симонова шорт-тректен әлем кубогы кезеңіне қатысуда

7-10 қараша аралығында Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезекті, үшінші кезеңі өтті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарысқа Қазақстан намысын қорғайтын батысқазақстандық шорттрекшілер де қатысты. Ванкувер олимпиадасына қатысқан Айдар Бекжанов 1500 метр қашықтықта 14-орынды иеленсе, тағы бір оралдық Инна Симонова 500 метрде 19-орынға табан тіреді.

Әлем кубогының қорытынды кезеңі 14-17 қарашада Мәскеу қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;